Жаңалықтар

КЕНШІЛЕР МЕРЕКЕСІНДЕГІ – ОТБАСЫЛЫҚ КҮН

КЕНШІЛЕР МЕРЕКЕСІНДЕГІ – ОТБАСЫЛЫҚ КҮН

«Қазақмыс – Пикник!» Кеншілер мен Байытушылар күніне арналған шарадан – сала еңбеккерлерінің отбасы да тыс қалмады. Еңбек адамдарының жанұясы мен балалары қатысқан мерекелік іс шара жайында тілшіміз толығырақ тарқатады...

«Қазақмыс» - қашаннан отбасы құндылығын жоғары орынға қоятын кәсіпорын. Кеншілер мен Байытушылар күніндегі мерекелік бағдарламаның бір бөлігінің – еңбеккерлер жанұясына арналуы осы сөзіміздің дәлелі. Мұнда балалар мен ересектер үшін түрлі ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар өнер көрсетіп, би және ойын алаңдары, сондай-ақ бояулар фестивалі ұйымдастырылды.

«(Бұл жерде 15 ге жуық ойын-сауық локациясы орналасқан. Өздеріңіз білетіндей, осы жыл «Қазақмыста» - Қауіпсіздік жылы болып белгіленген. Осыған орай әр ойын алаңында пластик қақпақтардан үлкен арт-нысан – «Қазақмыс» эко каскасы құрастырылуда. Бұл бір жағынан «Таза Қазақстан» акциясына да үн қосу болып есептеледі.)»

— Ербол Елемесов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілі

Осылайша, еңбек адамдарының мерекесі – отбасылық мейрамға айналды. Қатысушылардың да пікірі осындай...

«(«Қазақмыс корпорациясы» Кеншілер күнінде – Отбасыларға арналған керемет іс шара өткізуде. Біз бұл шараға отбасымызбен келдік. Мереке өте жақсы өтуде, бізге ұнап жатыр. Келген сәтімізден бастап аниматорлар күтіп алды. Ең бастысы, Балалар қуанса – бәріміз қуаныштымыз!!!)»

— Азамат Назымбек, ата-ана

«(Кеншілер күні, Отбасылық мереке құтты болсын! Бізді аниматорлар күтіп алды. Күшті, қызықты ойындар ойнаудамыз. Маған, әсіресе, аниматорлар ұнап жатыр!)»

— Назбибі Назымбек, оқушы

Отбалысық күн – қатысушыларға уақытты бірге өткізіп, кәсіби мерекенің ерекше атмосферасын жақын жандармен бөлісуге мол мүмкіндік сыйлады!!!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты