КЕНШІЛЕР ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінде кеншілер мен байытушылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Өндіріс саласының мамандарын ұлықтаған іс-шара кәсіпорын басшылығының бастамасымен, «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымы және «Жастар Болашақ» жастар одағының қолдауымен ұйымдастырылды. Мерекелік жиында өндірістегі еселі еңбегімен ерекшеленген сала мамандарына құрмет көрсетіліп, үздіктер марапатталды.
Салтанатты жиынға кәсіпорын қызметкерлері, сала ардагерлері, ақсақалдар мен еңбек ұжымының өкілдері қатысты. Бірнеше буын өкілдері бас қосқан іс-шарада кенші мамандығының жауапкершілігі мен мәртебесі сөз болып, өндірісте қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс айтылды.
«2730 / Құрметті әріптестер, құрметті біздің бүгінгі мынау кеншілер күнін тойлап жатқан тойымызға ортақ болып қуанышымызды бөліп жатқан ағаларға,ақсақалдарға, біздің трестің ветерандарына бәрңізге үлкен алғыс. Енді мынау біздің әріптестерімізге енді тілейтінім, аспанымыз ашық болсын! Күреулеріміз мықты болсын! Ең бастысы травматизм болмасын. Өйткені қазір енді өздерің байқап отырсыңдар. Мына жердің бетінде де, астында да қолдан келгенше рабочий места дейміз ғой, жұмыс орындарымыз казір қолдан келгенше қауіпсіздік жағдай жасап жатырмыз»
— Қайрат Керімкұлов, Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің директоры
Кәсіби мерекеде еселі еңбегімен көзге түскен мамандардың мерейі үстем болды. Кәсіпорынның үздік қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Ал өндірістегі табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін бірқатар еңбеккер «Кенші даңқының» II және III дәрежелі төсбелгілерімен, сондай-ақ «Еңбек озаты» белгісімен марапатталды.
Мерекелік шара ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстармен жалғасты. Жеті қат жер астында жанкештілікпен тер төгіп жүрген жандар - ұлттық ойындарда да оза шапты!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


