Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

КЕЗЕКТІ ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

Жезқазған қаласына қарасты Талап ауылы аумағында - төтенше жағдай кезіндегі шұғыл іс-қимыл дайындығын тексеруге бағытталған оқу-жаттығу жиыны өтті.

Екі күнге жоспарланған шараға қала әкімі Мұрат Бөрібаев, мемлекеттік органдар мен авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – төтенше жағдай кезіндегі жедел әрекетті бағамдап, халықтың қауіпсіздігін лайықты деңгейде қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылардың шұғыл жағдайдағы әрекеті мен өзара үйлесімді жұмысына басымдық берілді. Құтқарушылар арнайы техникаларды пайдаланып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Мұндай тәжірибелік шаралар мамандардың дағдыларын жетілдіріп, төтенше жағдайға әзірлігін арттыруға мүмкіндік бермек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар жауапты қызметтердің дайындығын саралаумен қатар, төтенше жағдай кезінде бірлесіп әрекет ету тәжірибесін жетілдіруге жол ашады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты