Жаңалықтар

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының өңірлік кезеңіне арналған брифинг өтті. Кездесуде жобаның мақсаты, қатысу шарттары мен негізгі бағыттары таныстырылды. Биыл қыркүйек айынан басталған марафон 2027 жылдың сәуіріне дейін қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады. Оған мектеп оқушыларынан бастап, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, зиялы қауым өкілдері мен отбасылар қатыса алады. Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 шығарма оқуы тиіс. Жобаның басты ерекшелігі – оқылған кітаптардың санын ғана емес, шығарманы түсіну мен оның мазмұнына өзіндік көзқарас қалыптастыруды бағалау. Марафон қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен электронды сертификаттар табысталып, ақшалай сыйлықтар беріледі. Бірінші орынға – 600 мың, екінші орынға – 450 мың, үшінші орынға 300 мың теңге қарастырылған.

«Марафонның негізгі мақсаты — ұлтымызды кітап оқуға баулу, зияткерлік бағытына жетектеу, өскелең ұрпақты болашақта білімді, өзінің бағытына лайықты азаматтар тәрбиелеу мақсатында. Осы мақсатта қазіргі күнде жеті бағытта бұл марафон жүріп жатыр. Алғашқы бағыты — кітап оқитын мектеп бағыты, онда алтыншы класс пен оныншы класстың арасындағы балалар қатысады. Мектеп оқитын педагог бағытында онда біздің мектепіміздегі барлық ұстаздар қамтылады. Ал енді кітап оқитын университет бағытында, әрине барлық университеттегі студенттер қамтылады. Кітап оқитын колледж бағыты бойынша сол колледждегі барлық студенттер қамтылады. Кітап оқитын мемлекеттік қызмет бағыты бойынша біздің Ұлытауоблысындағы барлық мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар қатысады. Және де кітап оқитын зияткер бағыты бойынша осы облысымыздағы жас, үлкен кісілер, барлық кәсіпкерлер, барлық ұстаздар, жас ерекшелігіне ешқандай шектеу жоқ, барлық кітапсүйер қауымының барлығы қатысады»

— Серік Әбжанов, Ұлытау облысы бойынша өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты