Жаңалықтар

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ

Кітап оқитын, ойы озық, білімі терең ұлт қалыптастыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта елімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы жүзеге асырылуда.

Бастаманың негізінде қарапайым әрі маңызды идея жатыр: кітап оқу – тек білім алудың жолы емес, адамның ой-өрісін кеңейтіп, тұлғалық дамуына ықпал ететін құрал. Аталған жоба аясында қаламыздағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында да бірқатар іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Білім ордасында оқушыларды кітап оқуға ынталандырып, алған білімін талдап, өз ойын еркін жеткізуге бағытталған түрлі бастамалар қолға алынған.

Кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру үшін ең алдымен қолайлы орта қажет. Мамандандырылған Абай мектеп-интернатында бұл бағытқа ерекше мән берілген. Білім ордасында оқушылардың кітап оқуына барлық жағдай жасалып, оқу мәдениетін күнделікті дағдыға айналдыруға басымдық берілген. Мұнда әр үзіліс тек демалысқа емес, пайдалы іске де арналады. Мәселен, оқушылар 20 минуттық қоңырау кезінде кітап оқып, уақытын тиімді өткізеді. Бұл – «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі.

«осы марафон басталғалы марафон басталғалы оқырмандарымыз көбейіп, ктапхана ісі жанданып келе жатыр десек те болады. Мені басты қуантатыны оқушылардың кітап оқуға деген ынтасының артуы. Біздің мектебіміздің қорында 31450 кітап қоры бар. 1965 і көркем әдебиет»

— Гүлнар Алиева, кітапханашы

Мектеп оқушыларының арасында кітапты тұрақты оқитындар аз емес. Солардың бірі – 11-сынып оқушысы Нұрила Ғаниқызы. Оның кітап оқуға деген қызығушылығын бала кезінен әкесі оятқан. Бүгінде Нұрила 200-ге жуық кітап оқып үлгерген. Қазір ол «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы марафонға қатысып, сүйікті ісін одан әрі жалғастырып келеді.

«Ең алғаш мен кітап оқуды бастауыш сыныптардан бастадым. Мені кітап оқуға қызықтырған ол – әкем. Мен кішкентайымда үнемі әкемні ңкітап оқып отырғанын көретінмін. Әкем мені шабыттандырды десем болады. Қазір көбінесе қазақ әдебиетін оқимын. Өйткені тарихпен байланысты. Көбінесе Дулат Исабеков, Шерхан Мұртазаның кітаптары қызықтырады. Мен үшін кітап оқу бос уақытты өткізу емес, ол рухани даму, ізденісте жүрудің жолы десем де болады. Және әкемнің айтқан сөзі бар. «кітап – адамның үнсіз ұстазы». Сол сөз маған кішкентайымнан үлкен шабыт беріп келеді»

— Нұрила Ғаниқызы, Абай атындағы мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы

Жас оқырман үшін кітап оқу – жай ғана бос уақытты тиімді өткізудің тәсілі емес, жаңа дүниені танып, ой-өрісті кеңейтудің жолы. Ал мектеп қабырғасында қалыптасқан мұндай дағдының болашақта білімді әрі зерделі ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы зор.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты