КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН НАСИХАТТАЙТЫН ТАНЫМДЫҚ ЖОБА

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі» Жарлыққа қол қойды. Жаңа құжат аясында - кітапханаларды жаңғырту, цифрлық кітап платформасын құру, ұлттық әдебиетті қолдау және жастар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау жұмыстары күшейтілмек. Аталған мақсатта - Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында оқушыларға арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды...
Ұзақ мерзімді жазғы демалысқа шыққан оқушылардың – демалыс кезіндегі айнымас досы кітап болуы керек! Осы бағытта қолға алынған кітапханадағы танымдық экскурсияның алғашқы келушілері – Абай атындағы мамандандырылған мектеп интернатының білім алушылары болды. Танымдық жобаға оқушылар мен қатар ата-аналар да белсене қатысты.
Экускурсия барысында – Өңірдің бас кітапханасының бүгінгі тыныс тіршілігі кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, оқырмандар тарапынан сұранысқа ие шығармалар жөнінде кеңес берілді.
Кітап оқу мәдениетін дамытуды және насихаттауды көздеген жоба әрі қарай да жалғаса бермек...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


