«КІТАП РУХАНИ ҚАЗЫНА»

Бүгін - Ұлттық кітап және кітапханашылар күні. Осы айтулы мерекеге орай Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде салтанатты шара өтіп, кітапхана жанашырлары, ұстаздар мен белсенді оқырмандар марапаттарға ие болды.
Шараның негізгі мақсаты - кітап оқуды кеңінен насихаттап, кітапхана қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу. Мерекелік бағдарлама аясында «Кітап кейіпкерлері сөйлейді» атты дефиле мен «Әдеби әлемге саяхат» көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар кітапхана филиалдары қызметкерлерінің қатысуымен қолөнер және тақырыптық көрмелер ұсынылып, әр бөлім өз бағыты бойынша түрлі экспозицияларды таныстырды.Жиында белгілі қаламгер, Ұлытау облысының құрметті азаматы Батырбек Мырзабекова құттықтау сөз сөйлеп, кітаптың адам өміріндегі рухани маңызына тоқталды.
«0567 / Кітаптың құндылығы сол кітап өмір бақи өзіңіздің жолыңызды белгілеп, алдыңызда шамшырақ сияқты болып жарқырап тұратын қасиеті бар. Жалпы адамзат баласына кітап түскенде Алла тағала адамзат баласына оқы,оқы және оқы деген. Ал қай кітапты оқимын,қай кітапты оқысам жақсы болады, нені оқимын деп келгенде кітапханашының жайдары жүзі, күлімдеген көзі, лебізі,алдыңызға кітаптарды сорт сортымен қойып,мына кітап мынандай деп бағыт бағдар беруі сізге өзіңізге зор әсер етеді»
— Батырбек МЫРЗАБЕКОВҰлытау, облысының құрметті азаматы
Шара аясында «Кітапхана жанашыры», «Кітап сүйер ұстаз», «Үздік оқырман», «Белсенді оқырман», «Үздік оқырман отбасы» сынды бірқатар номинация бойынша марапаттар табысталды.Атап айтқанда, білім беру ұйымдарының басшылары, белсенді ұстаздар мен кітапхана оқырмандары арнайы алғыс хаттары мен дипломдарға ие болды.Бүгінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 74 мыңнан астам оқырман тіркелген. Қорда 30 мыңнан аса кітап бар. Руханият ордасы заманауи талапқа сай жаңғыртылып, кітап қорының бір бөлігі цифрландырылған.
«0522 00:12 – 01: 01Менің өзі негізгі жақсы бала күнімнен сүйіп оқитын жақсы жұмыстарымның біреуі болды. Сол осы бүгін кәртайған шағыма дейін кітапты оқимын. Кейін осы 5,6 жыл болып қалды Кеңгір селосына көшіп келдік,жанұяның жағдайына байланысты. Ол жерде де кітапханамен байланысымыз жақсы. Кітапхана өте халыққа жақсы қызмет етеді оқырмандарға,мен де сол оқырманның біреуміні. Қазір жасым 80 де,бірақ сол жерден алып тұрақты оқимын. Бұл немерем кішкентай,осыларды сол кітапханаға баулып, өзіммен бірге апарып алып келіп, сол кітапханамен бұлардың да байланысы жақсы жүріп жатыр»
— Жақыпбек Дайыров, кітапхана оқырманы
Мерекелік шара кітаптағы әдеби кейіпкерлердің ерекше шеруімен қорытындыланды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


