«KITAP TIME – 2026»

«Кітап пен уақыт: ой мен шабыт!» Аталған тақырыпта Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында V ші жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Кітап Тайм – 2026» фестивалі өтті.
«Бір ел – бір кітап»», «Кітап оқитын ұлт», «Қолтаңбалы кітаптар әлемі» сынды бірнеше бөлімнен тұрған фестивальге – Кітапхана оқырмандары мен жанашырлары, оқушылар мен студенттер қатысты. Дәстүрге айналған айтулы күнмен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Жұмажан Өтегенов құттықтап, фестивальдің маңыздылығына тоқталды.
Фестиваль бағдарламасында Президент ұсынған «Зерделі ұлт» қалыптастыру ұстанымы кеңінен көрініс тапты. Бұл ретте қатысушылар мен кітапхана қызметкерлері кейінгі оқыған кітаптары жайында пікір алмасты.
Фестиваль барысында көрермендермен интелектуалды байланыс орнатылып, танымдық бағыттағы ойындар да ұйымдастырылды.
Белсенді қатысушыларға кітапхана тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


