КITAP TIME 2026 ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

«Кітап TIME-2026» жалпы республикалық фестивалі – Жезқазған қалалық орталықтандырылған кітапханасында да ұйымдастырылды. Мұнда фестиваль аясында аймағымызға белгілі жас жазушы, «Ұлар» әдеби клубының мүшесі Айнұр Қожахметтің «Көлеңке» кітабының тұсауы кесілді.
Тұтас республика ауқымын қамтыған «Кітап тайм» фестивалі – биыл бесінші мәрте өткізілуде. Фестиваль аясында жергілікті қаламгерлердің кітаптарынан көпшілікке көрме ұсынылып, кітапхана мен оқырман арасындағы байланыс беки түсті...
Кітапхана ұжымы бұл жолғы шараны – Айнұр Қожахметтің шығармашылығына арнаған Поэзия, проза, повесть жанрын қатар алып Айнұр Қожахмет заманауи үлгідегі әдебиет өкілі. Ал, «Көлкеңке» кітабы арқылы бүгінгі қоғамдағы әйел бейнесін жан-жақты ашуға тырысады.
Кеш барысында авторға алғыс хаты табысталып, арнайы құрмет көрсетілді. Руханият ордасындағы аталған бағыттағы жобалар жалғаса бермек...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


