Жаңалықтар

КІТАПХАНАШЫ – МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ

КІТАПХАНАШЫ – МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ

«Кітапханашы - мерейлі мамандық!» Аталған тақырыпта бүгін Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында - Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Ұлытау облысында 50 ден астам кітапхана бар, онда 300 ге жуық кітапханашы еңбек етуде. Руханият ордасы қызметкерлерінің мерейлі мерекесі облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекованың алғысөзімен басталды...

Бұл күні кітапханашыларға – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамоталары мен «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісі, сонымен қатар облыс әкімдігінің алғыс хаттары табыс етілді. Жезқазғандағы мерекелік шараға шалғай елді мекендердегі руханият қызметкерлері арнайы шақырылған.

Сала мамандарды еткен еңбек пен төккен тердің еленгеніне ризашылықтарын білдірді.

Кітапханашылар қауымын салалық кәсіподақ ұйымы мен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы да арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. Шара барысында «Кітап күні – кітап сыйла» челленджі ұйымдастырылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова мен кітапханашылар және оқырмандар белсене қатысты.

Мерекелік жиын – жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен мәреге жетті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты