Жаңалықтар

«КІТАППЕН ӨТКЕН ШУАҚТЫ КҮН» ЭСТАФЕТАСЫ

«КІТАППЕН ӨТКЕН ШУАҚТЫ КҮН» ЭСТАФЕТАСЫ

Кітап - ұрпақ сабақтастығын жалғайтын рухани көпір. Осы мақсатты дәріптеген «Кітаппен өткен шуақты күн» атты отбасылық эстафета Жезқазғанда өтті. Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған іс-шара әр жастағы оқырмандарды бір ортаға жинап, отбасылық кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталды.

Эстафета аясында қатысушылар танымдық ойындар мен әдеби викториналарға қатысып, тақырыптық квесттерде бақ сынады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар балалар мен отбасы оқырмандарына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік жаңа басылымдармен танысты.

Іс-шараға кітапхананың белсенді оқырмандары отбасы мүшелерімен бірге қатысты. Олар түрлі тапсырмаларды бірлесіп орындап, сүйікті шығармаларын оқып, кітап жайында өзара пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар балалар мен ересектердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, отбасылық кітап оқу дәстүрінің жаңғыруына да серпін береді. Сондықтан «Кітаппен өткен шуақты күн» эстафетасын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп, кітапсүйер отбасылардың қатарын көбейту көзделіп отыр.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты