КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өңірлік филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы коалиция мүшелері «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Ұлытау облыстық филиалының ұжымымен кездесті.
Жиында Жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, олардың негізгі бағыттары түсіндірілді. Спикерлер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, әділетті қоғам құру, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін күшейту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ жаңа бастамалардың елдің орнықты дамуына, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ететіні айтылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді. Ұйымдастырушылар мұндай еркін пікір алмасу азаматтардың ұсынылып отырған өзгерістерді тереңірек түсінуіне және саналы шешім қабылдауына мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өңірлік коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


