КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖҮЗДЕСУ ЖИЫНЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік филиалы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Аталған коалиция өкілдерінің бұл жолғы жүздесу жиыны - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтағы филиалында өтті.
Жаңа Қазақстанның Жаңа Конституциясындағы оң өзгерістерді насихаттауға бағытталған шараға - Мемлекеттік басқару академиясының ұстаздары мен осында қайта даярлау курсынан өтіп жатқан 30 ға жуық тыңдаушы қатысты. Ал, жиын спикерлерінің қатарында Астанадан арнайы келген Мәжіліс депутаттары Ерболат Сатыбалды мен Асылбек Нұралин бар. Олар Конституциялық реформа шеңберінде билік тармағында жүзеге асатын жобаларды жан-жақты саралады...
Жас мемлекеттік қызметкерлер Ата Заңның жаңа жобасына байланысты бірқатар сауалдарын қойып, еркін форматта пікір алмасты. Айта кетейік, түзетулер Конституцияның барлық бөлімінің 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84 пайызы жаңартылмақ!
Кездесу барысында конституциялық реформалардың маңызы, азаматтардың құқықтарын айқындауды көздеген бастамалар кеңінен түсіндірілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


