«КӨКМАЙСАДА» ҚҰРАҚШЫЛАР КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

«Көкмайса» - ұрпаққа аманат! Аталған республикалық фестиваль аясында - ұлттық мәдениеттің байырғы саласы қолөнер шеберлігі де дәріптелмек. 27 ші маусымда өтетін Ұлы дала дүбіріне - Ұлытау облысының аламан құрақшылары арнайы дайындалуда.
Ұлытаулық аламан құрақшылар жуырда ғана Шығыс Қазақстан облысында өткен «Аламан құрақ» жобасынан алтын жүлдемен оралды. Бірталай танымдық байқауларда құрақ құрауда рекорд жаңартып жүрген қолөнер шеберлерінің ұжымында – Жезқазған қаласынан 20, ал, жалпы облыс бойынша 60 қа жуық құрақшы бар.
«Көкмайса» фестивалі бағдарламасының маңызды бөлімдердің бірі – «Құрақшылар ауылы» көрмесі болмақ. Бұл алаңда құрақ көрпелер көрмесі ұйымдастырылып, тігін саласының үздіктері өз өнерлерін жиналған жұртшылыққа тікелей ұсынады.
Сонымен қатар, «Көкмайсада» қолөнер шеберлігіне қызығушылар үшін арнайы шеберлік сағаттары жоспарлануда. Он саусағынан өнер тамған құрақшылардың өнерін көреміз десеңіздер, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында өтетін «Көкмайса» фестиваліне асығыңыздар!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


