«КӨКМАЙСАДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР

Республикалық деңгейде өтетін «Көкмайса» этномәдени фестиваліне 16 күн қалды! Аталған фестиваль аясында - қазақ халқының бай мәдени мұрасы және көшпелі өркениет құндылығымен қатар ұлттық спорт түрлері де төрге озбақ...
Фестиваль шеңберіндегі спорттық іс шараларға – Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйытқы болады. Негізгі мақсат: жаһандану заманымен қайта жаңғырған дала төсіндегі дәстүрлі ойындарды насихаттау мен ұлттық спорт шеберлеріне қолда көрсету.
Спорттық ойындарға қатысушылар алдын ала тіркеуден өту қажет. Салаға жауапты мамандардың айтуынша – кейінгі жылдары өңірде ұлттық спорт түрлері кеңінен қанат жайып, дамудың даңғыл жолына түскен...
Айта кетейік, «Көкмайса» этномәдени фестивалі 27 ші маусымда Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылындағы Толағай тауының баурайында өтеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


