Жаңалықтар

КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ

КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ

2026 жылғы 1 наурыздан бастап елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Науқан «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңнама» талаптарына сай ұйымдастырылуда.Аталған шара еліміздің Қарулы Күштерін жасақтау және қорғаныс қабілетін нығайту мақсатын көздейді.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясындағы дайындық кезеңі ақпан айының 10 ы мен 28 і күндері аралағында өткізілген. Осы аралықта әскерге шақырылатын азаматтарды алдын ала есепке алу және жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілген. Шақыру комиссиясының құрамына жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау саласының және құқық қорғау органдарының өкілдері кірді. Комиссия қызметі заңдылықты қатаң сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделген.Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтар үшін мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер мен қолдау шаралары қарастырылған.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны -жас азаматтар үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін, өмір жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Бүгінде әскер қатарына қосылуды азаматтық парыз деп білетін жастардың қатары қалың.

Бейбіт күннің берекесін арттыратын осы отан қорғаушылар екендігін алға тартсақ, әскери қызмет ең алдымен тыныштықтың кепілі!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты