КӨКТЕМНІҢ КӨРКЕМ МЕЙРАМЫ!

Бүгін Серке Қожамқұлов атындағы облыстық музыкалық-драма театрыда халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтіп,бірқатар нәзікжанды марапат биігінен көрінді.
Мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен басталды. Қатысушыларға көктемнің әсем гүлдері сыйға тартылып, оқушылар аналарға деген жылы лебізін ән арқылы жеткізді.Жиналғандарды облыс әкімі Дастан Рыспеков және облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтап, әйелдердің қоғам дамуына, отбасының берік болуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Салтанатты шара барысында шамамен 50ге жуық нәзік жанды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Оларға «Ерен еңбегі үшін» медалі, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Арнайы назар көпбалалы аналарға аударылып, өңірден сегіз әйелге «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері берілді.
Мерекелік шара жергілікті әртістер мен эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


