КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛМЕК

Облыс әкімдігінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды: келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары және тұрғын үй құрылысының сапасы. Қатысушылар кейбір өнім жеткізушілердің тарапынан келісімшарттардың сапалы орындалмау жағдайларын атап өтті. Сондай-ақ, бағаны негізсіз көтермеу үшін оны тұрақты бақылап, нарықтағы нақты жағдайды ескеру қажеттігі айтылды. Бұдан бөлек, өңірде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге алдын ала талдау жасалып, құрылыс сапасы мен белгіленген уақытта аяқталуы басты назарға алынды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


