КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕС – БАСТЫ НАЗАРДА

«Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2025 ші жылғы жұмыс қорытындысы және 2026 жылдың жоспары.» Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған кезекті брифинг осылай аталды. Өткен жылы департамент құзіретіндегі маңызды бағыттар бойынша өңір аумағында 21 құқықбұзушылық анықталған. Көрсеткіш – 2024 жылмен салыстырғанда 34 пайызға төмен. Бұл «Заң мен Тәртіп» қағидатына негізделген жұмыстардың нәтижесі. Департамент тарапынан ақпараттық-түсіндірмелік сипаттағы 100 ге жуық іс шара қолға алынған. Олардың қатарында: «Цифрлық қауіпсіздік сабағы», «Қаржылық сауаттылықты арттыру» сынды студенттер мен жоғары сынып оқушыларына арналған семинар сабақтары да бар. Аталған бағыттағы түрлі шараларда 16 мыңнан аса азамат қамтылған. Айта кетейік, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басты стратегиялық міндеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес болып табылады.
-(Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың қаңтар айында - әлеуметтік маңызға ие азық түлік санатына жататын картоптың құнында күрт қымбатшылық байқалды... Өнімді өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы келісім-шартта анықталған құқықбұзушылықтар сауда сөрелерінде картоптың қорының белгілі мөлшерде азаюына дейін әсер етті. Біздің департаменттің мәселеге араласуымен аталған келісімшарт бұзылды. Сонымен қатар, 2025 ші жылы негізсіз артқан сиыр еті бағасының тұрақтануына да бірқатар жұмыстар атқарылды. Мұның бәрі көлеңкелі экономикамен күрес бағытындағы іс шаралар.)
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


