Жаңалықтар

КӨЛІК САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

КӨЛІК САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, көлік салығын есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді пайдалану мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейінгі жеңіл автокөліктер үшін салық 0,7 коэффициентімен есептеледі. Мысалы, бұрын 10 мың теңге төлеген жүргізуші енді 7 мың теңге төлейді. Ал 20 жылдан асқан көліктер үшін бұл көрсеткіш 0,5-ке тең. Бұл дегеніміз, бұрын 10 мың теңге төлеген азамат енді 5 мың теңге көлемінде салық төлейді. Құрметті көрермен бұл тек сіздерге түсінікті болу үшін келтірілген мысал. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінде қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын жеңіл көліктерге салынатын қосымша салық мөлшерлемелері алынып тасталды. Бұл өзгеріс 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін Қазақстанда шығарылған немесе елге әкелінген көліктерге қатысты. Фермерлер үшін де қосымша жеңілдіктер қарастырылған. Облыста көлік салығын төлеушілердің жалпы саны — 39 мың 888. Дегенмен, соның ішінде 2 611 азамат салық міндетін уақытында орындамаған. Бүгінде олардың берешегі 109,2 миллион теңгені құрап отыр.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты