КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ

Өткен жылыту маусымы қарсаңында - Жезқазған Жылу электр орталығында 6 қазандық жөндеуден өткен. Нәтижесінде, кәсіпорын қыс мезгілінен қысылмай шықты. Сондай-ақ, өңірге қарасты өзге қала-аудандар да жылыту маусымын алдын ала белгіленген жұмыс жоспарына сай кедергісіз еңсерген. Бұл жөнінде - Өңірлік коммуникациялар қызметінде ооблыстық энергетика және Тұрғын Үй Коммуналдық Шаруашылығы басқармасының басшысы Алмас Жандарбековтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Иә, коммуналдық бағыт – өңірдегі өзекті салалардың бірі. Жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен жүздесуде Алмас Жандарбеков алдымен 2025 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Өткен жылы - жер асты құбыр желілерін жаңғырту шаралары жүйелі қолға алынған. Аталған жұмыстар биыл да жоспарлануда...
Бұдан бөлек, сумен жабдықтау желілерін қалыпқа келтіру шаралары да кезең-кезеңімен атқарылуда. 2025 жылы Үйтас-Айдос су құбырын реконструкциялаудың 1 ші кезек жобасы аяқталған. Жоба нәтижесінде облыс орталығы халқы жерасты суын тұтынатын болады.
Ендігі, энергика саласына тоқталсақ. Бұл бағыттағы жұмыстар – энергикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба негізінде атқарылуда...
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс шаралар да баспасөз алаңында кеңінен айтылды. Ал, тілшілер тарапанын: аймақтағы газ бағасына қатысты сұрақтар мен Жездідегі жиі сөнетін жарықтың жәйі сынды мәселелер көтерілді. Басқарма басшысы бұл сауалдардың бақылауында екендігін жеткізді. Коммуналдық шаруашылық саласының даму деңгейін көздеген жобалар әрі қарай да жалғаса бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


