Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

Конституцияның жаңа жобасын жұртшылыққа тереңірек түсіндіру мақсатындағы мазмұнды іс шаралар жалғасуда. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері аталған бағыттағы кезекті кездесуін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен өткізді...

Конституциялық реформалардың негізгі ерекшелігіне екпін беріп, оны қолдау мақсатында құрылған Ұлытау өңірлік коалициясы бүгінге дейін 20 ға жуық ұжыммен кездесіп үлгерді. Бүгінгі қоғамдағы басты саяси оқиғадан төтеншеліктер де тыс қалмақ емес...

Жүздесу барысында Ата Заңдағы оң түзетулер шеңберіндегі билік тармақтарындағы түрлі өзгерістер жалпыға түсінікті қарапайым тілде түсіндірілді. Ауқымды реформалардың негізгі мақсаты: жаһандану дәуірінен қалыс қалмай, демократиялық алғышарттарды айқындау.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тақырып аясында бірқатар сауалдарын ортаға салып, шара спикерлерімен пікір алмасты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты