Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Ата Заңның жаңа жобасына қатысты қоғамдық талқылау жұмыстары жалғасуда. Бүгін – қалалық кітапхана ғимаратында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Конституциялық реформаларға байланысты алқалы жиын өтті...

Конституция жобасы жарияланғаннан кейін қоғамдық талқылау жандана түсуде. «Жаңа құжат - ұлттық мүдде мен адам құқықтарын алдыңғы орынға қояды.», - дейді көргені мен түйгені көп қазына қариялар. Олар бұл жолғы Ата Заңда Қазақстанның мың жылдық терең тарихына айрықша басымдық берілгендігі - уақыт сынынан өткен әділетті пайым екендігін айтты.

Әр салада жемісті еңбек еткен ардагерлер әлемдегі геосаяси ахуалдың сан құбылып тұрған шағында, Мемлекеттің басты байлығы Бейбітшілікті ұстаным етіп, Конституциялық реформаға қолдауларын білдірді...

Айта кетейік, бүгінде «е-Өтініш» платформасы арқылы Ата Заңның жаңа жобасына қатысты ел азаматтарынан 4 мыңнан аса ұсыныс түскен. Аталған платформа арқылы сіз де өз пікіріңізді жолдай аласыз...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты