Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының кезекті кездесуі – Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық театрында өтті.

Руханият – кез келген елдің терең тарихы мен ұлттық идеологиясының қайнар көзі! Аталған салада тер төгіп жүрген мәдениет өкілдерімен өткен жүздесу еркін форматта өрбіді. Алдымен коалиция мүшелері қазіргі қолданыстағы және Конституциялық реформа шеңбердегі жаңа Ата Заң жобасының негізгі айырмашылықтарынан ақпарат берді.

Кездесу қатысушылары Конституциялық реформаның дер шағында қолға алынған ауқымда бастама екендігін алға тартып, Мемлекет болашағы үшін жасалып жатқан қадамға қолдауларын білдірді. Ал, негізгі шешім Референдумда халықтың дауыс беруі арқылы қабылданады.

Ата Заңдағы реформаларды түсіндіру мен қолдауға бағытталған іс шаралар әрі қарай да жалғаса бермек. Ұлытау өңірлік коалициясының өкілдері – аймақта 400 ге жуық ұжыммен жүздесуді жоспарлауда...

23.02. датадағы папкада.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты