Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҚАДАМЫ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҚАДАМЫ

Конституциялық реформа - ел дамуы мен Әділетті Қазақстанды құрудың жарқын қадамы! Бүгін облыс әкімдігінде - аймақ басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен аталған тақырып аясында актив жиыны өтті…

Конституциялық реформа жөніндегі арнайы комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.

Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдерін қоса алғанда 130 адамнан құралған комиссия – халықтың әділетті және ашық қоғамда өмір сүруіне басымдық берген...

-( Жаңа Конституция терең мазмұндық және идеологиялық жүктемеге ие. Ол Қазақстанның тәуелсіз дамуының жаңа кезеңін айқын көрсете отырып, қалыптасқан мемлекеттің, кемелденген саяси жүйенің және жауапты қоғамның сұранысына жауап береді. Ең алдымен, онда ұлттық құндылықтарымыздың мызғымастығы нақты әрі айқын көрсетілген. Қазақ жеріндегі мемлекеттілік пен өркениеттің терең тарихи тамыры, Ұлы даланың ұлы мемлекеттерімен сабақтастығы - Қазақстанның кездейсоқ емес, заңды тарихи субъект екендігін айғақтайды. Бұл - тек өткенге көз жүгірту емес. Бұл – қазіргі мемлекеттің тарихи легитимділігін бекіту.) Жиын қатысушылары Конституциялық реформа – тарихи кезеңдегі жауапты қадам екендігін айтты. Облыстық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым жетекшілері өз пікірлерін ортаға салды.

Ата Заңдағы оң бастамалар - Референдум арқылы қабылданады. Жаңа Конституцияда «республикалық Референдум» атауы - «жалпыхалықтық» деп өзгертілген. Аталған ретте аймақ басшысы Конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, түзетулер Конституцияның барлық бөлімдерінің 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84 пайызы жаңартылмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты