КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЕЛДІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Облыс орталығында Ауыл партиясының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа-елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында сарапшылық форум өтті.Жиынға қоғам өкілдері,сарапшылар мен партия мүшелері қатысып,жаңа Конституцияның ел болашағына ықпалын талқылады.
Форум барысында Конституциялық реформаның мән-маңызы назарға алынып,оның уақыт талабынан туындаған стратегиялық қадам екені атап өтілді. Сарапшылар жаңа Конституция елдің саяси жүйесін жаңғыртып, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын жеткізді.Сонымен қатар құжатта көрініс тапқан «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» тұжырымдамаларының қоғам санасын жаңғыртудағы, азаматтық жауапкершілікті арттырудағы және құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі сөз болды.
«1449 2ші звуктан / Жалпы бәрімізге белгілі қазір елімізде тарихи кезеңде тұр.Тарихи шешім қабылдау кезеңінің алдында тұр.Жаңа конституцияның жобасы ел ерле,жер жерде талқыланып жатыр.Сонымен қатар еліміздегі барлық белгілі жетекші саяси ұйымдар,партиялар ортақ ұлттық коалиция құрған болатын осы жаңа конституция жобасын қолдау бойынша.Негізінен ел арасында,негізінен қоғам тарапынан жаңа конституция жобасына қолдау бар.Біздің міндетіміз кейбір бір көкейлерінде жүрген сауал-сұрақтарға жауап беру және Конституцияға енгізілген елімізді болашақта дамудың даңғыл жолына салатын бастамаларды түсіндіру»
— Қуаныш Сейтжанов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары
Сонымен қатар жиында Парламенттің рөлін күшейту, заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы тепе-теңдікті сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру бағытындағы бастамалар қозғалды. Бұл ретте мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және қоғам алдындағы есептілікті күшейту мәселесіне айрықша мән берілді.Қатысушылардың пікірінше, конституциялық өзгерістер елдегі саяси жаңғыру үдерісін жаңа деңгейге көтеріп, басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Форум еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды. Сарапшылардың пікірінше, конституциялық өзгерістер - елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын маңызды қадам болмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


