Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өңірлік филиалы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы коалиция мүшелері «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы ұжымымен кездесу өткізіп, Ата заңға енгізілетін негізгі ережелер мен ұсынылып отырған өзгерістерді кеңінен таныстырды.

Жиын барысында Ата заң жобасында көзделген жаңашыл бастамалар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда:азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, әділетті қоғам құру,мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне халықтың қатысу аясын кеңейту және билік тармақтары арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету сынды бірқатар мәселелер кеңінен талқыланды.

«Хрон: / ПЕРЕВОД:Біздің келудегі негізгі мақсатымыз - сіздерді референдумды қолдауға немесе қарсы дауыс беруге үгіттеу емес. Біз сіздерді азаматтық ұстанымдарыңызды білдіріп, референдумға қатысуға шақырамыз. Ал Конституцияны қолдау немесе қолдамау - әркімнің жеке таңдауы. Ең бастысы – азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысу»

— Оразалы Бақырбаев, өңірлік коалиция мүшесі

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Түзетулер Конституцияның барлық бөлімдерінің 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84 пайызы жаңартылмақ.

«Хрон: / ПЕРЕВОД:Негізгі сұрақтар жаңа енгізілімдерге қатысты болды: вице-президент лауазымы, Халық кеңесі және білім беру мәселелері. Алдымен «тегін» деген түсінік болған, қазір бұл сөз өзгергендіктен, білім қалай қамтамасыз етілетіні туралы сұрақтар туындады. Біз орта білімнің барлық азаматтар үшін кепілдендірілген және ақысыз болатынын түсіндірдік. Сонымен қатар, мемлекеттік мектептермен қатар жекеменшік мектептер де бар, олардың ақылы болуы – ата-ананың таңдауы бойынша. Жоғары оқу орындарында гранттарды беру тәртібі өзгермеген, яғни конкурстық негізде беріледі. Бұрын грант иегерлері тек мемлекеттік оқу орындарында оқыса, енді олар мемлекеттік де, жекеменшік те оқу орындарын өз қалауы бойынша таңдай алады»

— Ерлан Мырзабеков, өңірлік коалиция мүшесі

Өңірлік коалиция мүшелері бүгінге дейін түрлі саладағы 200-ден астам ұжыммен жүздесіп үлгерген. Аталған жиындарда 15 мыңнан астам адам қамтылған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты