КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының кезекті жүздесуі – 91 ші орамдағы №10 шы жалпы білім беретін мектебінде өтті.
Ата Заңның жаңа жобасын түсіндіруге бағытталған жүздесулер жалғасуда. Коалиция өкілдерінің бұл жолғы жиыны – ұлағатты ұстаздар қауымымен өтті. Білім ордасындағы кездесуге – 30 ға жуық педагог қатысты. Оларға – алдағы респубикалық референдумның негізгі маңыздылығы түсіндірілді...
Жиын барысында ұстаздар тақырып аясында түрлі сауалдарын ортаға салды. Жаңа Конституция жобасының негізгі бөлімінде алғаш рет білім мен ғылымға қатысты норма енгізілген. Бұл ұстаздар мен ғалымдар үшін үлкен кепілдік пен жауапкершілік. Ата Заңда бұдан да басқа оң өзгерістер жетерлік...
Айта кетейік, өңірлік коалицияның Республикалық Референдум алдындағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары әрі қарай да жалғаса береді. Ал, референдум 15 ші наурызға белгіленген!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


