Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛУДА

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛУДА

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының – Ата Заңның жаңа жобасын түсіндіруге бағытталған жүздесулері жалғасуда. Бұл жолы аталған коалиция өкілдері өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны – Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде болды.

Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары және жалпыұлттық коалициясының өңірлік мүшелері - Жезқазған университетінің ұжымына жаңа Конституция жобасындағы негізгі басымдықтарды түсіндірді. Кездесуге университеттің профессор оқытушылары, сондай-ақ студенттер қауымы қатысты. Өзара пікір алмасу форматында өткен шарада қайта жазылған құжатты қабылдаудың маңызы жайлы айтылды.

«(Көптеген кәсіпорындарға барып, көптеген ұйымдарға барып жобаның нақты-нақты баптарымен таныстырып, халықтың арасында кездесулер болып жатыр. Мұғалімдермен, студенттермен кездесіп, ол кісілер де өздерінің ойларын айтып. Бүгінгі таңда халықтың арасында қолдау бар. Өздерінің сұрақтарын беріп жатқан жағдайлар да бар)»

— Асылбек Нұралин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Жаңа Конституция жобасының негізгі бөлімінде алғаш рет білім мен ғылымға қатысты норма енгізілген. «Бұл ұстаздар мен ғалымдар үшін үлкен кепілдік әрі жауапкершілік» дейді ұстаздар қауымы.

Осылайша университет ұстаздары Ата Заңдағы оң өзгерістерге қолдауларын білдірді. Жалпыұлттық коалицияның Ұлытау өңірлік мүшелері жоспарға сай – Референдумға дейін аймақта 400 ге жуық мекемеде жүздесу жиынын ұйымдастырмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты