КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІМДЕР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Ұлытау облысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Әділет департаменті Apple тауар белгісінің Қазақстандағы ресми өкілінің өтініші негізінде Жезқазған қаласындағы екі сауда нүктесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде Apple белгісімен таңбаланған, контрафактілік өнім белгілері бар тауарлар анықталды. Заң талаптарына сәйкес барлық өнім сауда айналымынан алынып, кейін арнайы полигонда жойылды. Әділет департаменті кәсіпкерлерді зияткерлік меншік құқықтарын сақтауға және контрафактілік өнімдерді сатуға жол бермеуге шақырады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


