КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ КӨРМЕСІ

Жезқазғанда креативті индустриялар көрмесі ашылды. Онда ұлттық қолөнер туындылары, табиғи материалдардан әзірленген түрлі бұйымдар мен жергілікті дизайнерлердің жұмысы көптің назарына ұсынылды.Басты мақсат – ұлттық өнерді дәріптеп, дәстүрлі мәдениет пен заманауи шығармашылықты бірегей бағытта ұштастыру.
Ұлттық нақыш пен заманауи дизайн үйлесім тапқан көрме – Ұлытау облысы шығармашылық өкілдерінің туындыларын бір алаңда тоғыстырды. Ашылу салтанатында аймақ басшысының орынбасары Бақытжан Жайлаубаев - өңірдегі креативті индустрия өкілдерінің еңбегіне айрықша тоқталды. Сондай-ақ, креативті индустрияның өңір мәдениетін дамытудағы маңызы атап өтіп, осы саланың өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа құрмет көрсетті.
«2197 / 02:0-02:08 Біздің облысымызда жалпы бүгінгі күні 60 қа жуық осы креативті индустрия бағытында жүрген өкілдеріміз бар. Біздің облысымызда үздік болып танылып, қазіргі таңда Республика көлемінде де өзінің көрмелерімен айшықталып жүрген, үздік танылып жүрген азаматтарымыз бар.Бүгінгі таңда бізде осы нағыз біздің салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды заманауи тұрғыда жеткізетін осы креативті индустрия өкілдері.Сондықтан барлықтарыңызды тағы да бүгінгі ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз»
— Бақытжан Жайлаубаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
Көрме аясында музыкалық қойылымдар мен сән көрсетілімі де ұйымдастырылды. Жезқазған музыкалық колледжінің хор ұжымы мен Jezz Acoustic Band өнер көрсетсе, жергілікті дизайнерлер ұлттық нақыштағы киім топтамаларын ұсынды. Сонымен қатар әжелердің шеберлік сағаты өтіп, қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғыртуға басымдық берілді. Бұл қатарда ұршық иіруді дәріптеп жүрген шеберлердің бастамасы да бар.
«2184 2ші звуктан: / Бізде биылдан бастап Республикалық ұршық қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша соларды білу арқылы біз Сәтбаев қаласының және осы Жезқазғанның өтініш білдірген ұршық иіретін шеберлерінен біз осындай бірігіп қоғам құрып жатырмыз. Биыл сол бірінші сапарымыз біздің Ақтау қаласында Респбуликалық ұршық фестивальі өтті. Сол фестивальға біз 21 адам жазылып, 18іміз фестивальға барып қайттық.Ұлытау облысынан енді үлкен ұршық қоғамдық бірлестігі құрылад. Біз ылғи да осы қазақтың ұршық, әжелеріміздің асыл гаухарын ұлықтауға жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен бірге мынау бүкіл затымыз осы әжелердің ұмытылып кеткен өнерін біз жаңғыртушымыз»
— Гүлсара Жиенәлиева, қолөнер шебері
Ұлттық қолөнердің бүгінгі тынысын көрмеге қойылған бұйымдардан да байқауға болады. Шеберлер табиғи материалдарды пайдаланып, дәстүрлі өнерді заманауи бұйымдар арқылы насихаттауда.
Көрмеде ұсынылған жұмыстар ұлттық өнердің сан қырын танытып, шығармашылық ізденістің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашпақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


