КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Облыс әкімі Есет Байкен – өңірдегі креативті индустрия өкілдерімен кездесті.
Креативті индустрия – жаһандану қоғамында өзіндік орны бар сала. Бұл ретте аймақ басшысы, креаторлардың – өңір экономикасын әртараптандыру бағытында үлесі зор екендігін атап өтті.
Бүгінде креативті индустрия «Ұлытауда жасалған» брендімен жүйелі жолға қойылған. Салада қолға алынған бағдарламалар мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин баяндады. Айта кетейік, аймақта креативті индустрияның түрлі бағытында кәсібін дөңгелетіп жүрген 300 ге жуық кәсіпкер бар.
Еркін форматта өткен емен-жарқын жүздесуде креаторлар жобаларын таныстырып, оларды жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелерін айтты. Сондай-ақ, барлық креаторды бір алаңда жинайтын арнайы орталық салынса деген ұсыныстарын жеткізді.
Облыс әкімі – креаторларға арналған ғимарат мәселесі шешімін табатындығын айтты. Бұдан бөлек, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты креативті индустрия бөлімін де ашу жоспарлануда.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


