Жаңалықтар

КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында креативті индустрияны дамытуға арналған жиын өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев пен бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, саладағы өзекті мәселелер мен оны ілгерілету жайында пікір алмасты.

Жиында креативті экономиканы дамыту, шығармашылық жобаларды қолдау және салаға жаңа серпін беру жолдары талқыланды. Қатысушылар әсіресе, кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру мен инновациялық бастамаларды іске асыру тетіктеріне назар аударды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы байланысты күшейту қажеттігі айтылды.

«7970 / Креативті экономика деген бізде жалпы барлық салада бар. Бір креатив деген ол жаңадан бір пайда болған жоба,соны біз қолдауымыз керек.Сол үшін мемлекет әртүрлі жағдай жасап жатыр.Мемлекеттік қолдау шаралары бар.Мүмкіндігінше біз акиматта жергілікті атқарушы органдар грант беріп жатыр.Қазір әртүрлі заңдарға,әртүрлі қаулыларға өзгерістер енгізіліп жатыр. Біз сол бойынша өзіміздің атамекен арқылы сіздердің ұсыныстарыңызды алып,соны біз орталықта осы жергілікті атқарушы органдар іске алмассақ онда біз оны жоғары деңгейге көтереміз да,орталық органдармен сол жұмысты атқарамыз»

— Нұртас Кәріпбаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

Күн тәртібінде үш негізгі бағыт қаралды. Атап айтқанда, өңірде креативті индустрияны дамыту, «Artsport» платформасы арқылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру және саладағы өзекті мәселелер.Пікір алмасу барысында қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, саланы одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

«8005 ПЕРЕВОД:Креативті индустрия - бұл шын мәнінде өте маңызды. Бізде орасан зор әлеует бар. Алдағы бірнеше жылда теміржол және автомобиль жолдары арқылы Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда бағыттарында жаңа дәліздер ашылады. Бұл өз кезегінде туризм саласына үлкен серпін береді. Қазіргі таңда креативті индустрияны дамыту бойынша стратегиялық модель қалыптастыру аса маңызды»

— Ақансері Сүлейменов, Жезқазған қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі

Жиын қортындысы бойынша сала кәсіпкерлерін қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты