Жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

1 қыркүйектен бастап елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Осыған орай, Облыс орталығында әскерге шақырылған жастарды шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.

Бұл күні облыстың он жас азаматы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметінің Жетісу облысындағы бөлімшелерінде мерзімді әскери қызмет өткеруге аттанды. Жас сарбаздар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мемлекеттік шекарада орналасқан Алакөл шекара отрядында қызмет етеді.

Әскерге шығарып салу – қалыптасқан дәстүр ғана емес, Отан алдындағы әскери борыштың маңызын айқындайтын қоғамдық мәні бар патриоттық шара.

Биылғы шақыру науқаны аясында Ұлытау облысынан 400 жас азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған. Отанды қорғауға аттанатын сарбаздардың көздерінде отансүйгіштік сезім мен сөздерінде ертеңге деген сенім бар! Бейбіт күннің берекесін арттыратын осы отан қорғаушылар екендігін алға тартсақ, әскери қызмет ең алдымен тыныштықтың кепілі!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты