Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Облыс орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Өңірдің рухани өміріне серпін беріп жүрген мәдениет майталмандары бұл күні ерекше құрметке бөленіп, марапат төрінен көрінді.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Дастан Рыспеков арнайы қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы мәдениет пен өнердің қоғамдағы орнына тоқталып, руханият саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың ел дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

Иә, руханият саласының жүгін көтеру - табандылық пен талғамды талап ететін жауапты міндет. Осы орайда өңірде мәдениет қызметкерлеріне көрсетілер қолдау да жылдан-жылға артып келеді.Салтанатты кеш барысында мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік кітапханашы», «Үздік менеджер», «Үздік техникалық қызметкер» сынды 13 аталым иесіне Ұлытау облысы әкімінің 1 миллион теңгелік қаржылай сыйақысы табысталды. Ал «Мамандығына адалдығы үшін» сыйлығының 2 миллион теңгелік сертификатына дәстүрлі әннің дарабозы Серік Оспан ие болды.

«0767 3ші звуктан: / Мен енді өзімнің еңбек жолымды мектепте кітапханашы болып бастап, одан кейін мәдениет үйінде директор болдым.Осы тек қана мәдениет саласында жүргеніме 50 шақты жыл болып қалды.Сол еңбегімнің бағасы деп ойлайм өз басым.Енді әнші екенімді бәрі біледі. Осыдан 15 шақты жыл бұрын ұстазым Ақселеу Сейдімбек осы өнер зерттеуге ?,соның қазір 7,8 кітаптың авторымын.Осыдан 1 ай ғана бұрын Ұлытау өңірінің сал-сері,әнші күйші ақындары деген монографиям жарық көрді. Оның ішінде 175 кейіпкер енді. Биыл мәдениетімзге әкіміміз көбейтіп,2млн қыпты.Соны алу бақыты маған тиді.Рахмет мені қолдағандарыңызға»

— Серік Оспан, «Мамандығына адалдығы үшін» аталымының иегері

Мерекелік жиын эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен түйінделді. Руханият иелеріне көрсетілген бұл құрмет - ұлттық мәдениетке деген айрықша ықыластың айқын белгісі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты