«МАКБЕТ» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ

Серке Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театрында кезекті премьера. Бұл жолы театр ұжымы - Уильям Шекспирдің атақты «Макбет» шығармасын сахналады.
Серке Қожамқұлов театрының әлемдік классиканы сахналауы бірінші рет емес. Шекспир трагедиясын қою үлкен дайындықпен келген. Нұржан Бейсбеков пен Гүлдер Сейткенова сомдаған рөлдерінің образымен таныстырып, дайындық барысының қалай өткені жайында бөлісті.
Театр актерлерінің құрамы жас актерлер деуге болады. Сондықтан болашақта тосын жаңалықтар, тың қойылымдар күтеріміз белгілі. Осы орайда театр жетекшісі Досхан Сәкен спектакльгедің ерекше тұстарын атап өтіп, алдағы орын алатан өзгерістер жайлы айтып берді .
«Макбет» шығармасы жақсылық пен зұлымдықтың қақтығысын, өмір мен өлімнің байланысын, дос пен дұшпанның қарым қатынасын бейнелейді. Қойылым соныңда көрермендер премьерадан алған әсерлерімен бөлісті.
. Спектакль көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Алдағы уақытта өнер ұжымы ілкімді ізденістерді әрі қарай да жалғастыра бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


