Жаңалықтар

МӘМС АЯСЫНДА БАЛАЛАРҒА СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

МӘМС АЯСЫНДА БАЛАЛАРҒА СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Тіс емдетудің ақысы қалтаға салмақ түсіретіні белгілі. Сондықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы ерекше күтімді қажет ететін балалардың тісін тегін емдеуге болатынын ескерген жөн. Осыған байланысты, қаламыздағы «SABIDENTIUM» стоматологиялық клиникасында ашық есік күні өтіп, көрсетілетін қызметтер мен заманауи емдеу тәсілдері таныстырылды.

Өңірде ерекше балалардың тістерін седация арқылы емдеу қызметін дәл осы «SABIDENTIUM» клиникасы ұсынады. Бұл әдіс баланы арнайы дәрілік ұйқыға енгізу арқылы емдеуді ауыртпалықсыз, қорқынышсыз және қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған дейін мұндай қызмет үшін ата-аналар өзге қалаларға жүгінетін. Ал қазір клиникада барлық қажетті жағдай жасалып, заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Енді сапалы стоматологиялық көмек өңір тұрғындарына қолжетімді болып отыр.

Клиника мамандарының айтуынша, 2026 жылдың басынан бері седация арқылы 150 баланың тісі емделіп, 600-ден астам кеңес берілген.

Айта кетейік, балалар МӘМС аясында сақтандырылған. Сондықтан стоматологиялық көмекті, соның ішінде седация арқылы емдеуді де тегін немесе қолжетімді негізде ала алады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты