Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДАН ҰЛЫТАУҒА АЛҒАШҚЫ ПОЕЗД КЕЛДІ

МАҢҒЫСТАУДАН ҰЛЫТАУҒА АЛҒАШҚЫ ПОЕЗД КЕЛДІ

Ұлытау облысын – өзге өңірлермен байланыстыратын жол қатынас құралдарының ауқымы кеңеюде. Сондай тарихи сәттің бірін біздің түсірілім тобы – таспаға түсірді. Маңғыстаудан - Ұлытауға келген алғашқы пойызды қарсы алған тілшіміздің бейнематериалына кезек берелік...

Ақтау қаласынан жолға шыққан пойыз Жезқазғанның вокзалына белгіленген уақытында келіп, тұңғыш рет тоқтады. Бұл – өңірлер арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеретін маңызды оқиға. Жаңа теміржол бағыты Ұлытау облысының үш ірі стансасын қамтиды: Жаңаарқа ауданының Атасу кенті, Жезқазған қаласы және Ұлытау ауданының Қоскөл ауылы.

Осылайша, тұрғындардың қатынау мүмкіндігі едәуір жеңілдеп, сапар уақыты мен шығыны қысқара түспек. Сонымен қатар, поезда сапар жайлылығын арттыратын қызметтер мен ыңғайлы пакеттер ұсынылады.Жолаушылар жаңа бағыттың іске қосылғанына ерекше қуанышты.

Айта кетейік, Жезқазғаннан Ақтауға дейінгі жол жүру уақыты шамамен 29 сағатты құрайды...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты