Жаңалықтар

МАРАПАТ БИІГІНДЕ – МЕТАЛЛУРГТЕР

МАРАПАТ БИІГІНДЕ – МЕТАЛЛУРГТЕР

Өңірдің ғана емес, тұтас ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген металлургтер қауымының төл мерекесі айрықша салтанатпен өткізілуде.

Мереке - марапатсыз болмайды! Кәсіби мереке қарсаңында еселі еңбек етіп жүрген бірқатар балқытушыға мемлекеттік және салалық марапаттар мен түрлі деңгейдегі Құрмет громаталары табысталды..

«Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің бас директоры Жәнібек Байғабелов зауыт ұжымын құттықтап, металлургтердің қажырлы еңбегіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, өндіріс ошағындағы ұйымшыл ұжымның тынымсыз тірлігі бүгінде тек өрлеуге бастап келеді.

«Баршаңызды кәсіби мерекемізбен құттықтаймын. Бұл – жыл сайын асыға күтетін ең басты мерекеміз. Биыл біз үшін ерекше жыл. Ақпан айында зауытымыздың 55 жылдық мерейтойын атап өттік»

— Жәнібек Байғабелов, «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің бас директоры

Жезқазған мыс балқыту зауыты - «Kazakhmys Smelting» компаниясының жетекші өндірістік кәсіпорындарының бірі. Мұнда металлургтер, инженерлер, технологтар мен өндіріс жұмыскерлері бір мақсат пен бір мүдде жолында тер төгуде. Бұдан бөлек шара барысында «Даңқ галереясына» есімі енген еңбек майталмандарына айрықша құрмет көрсетілді. Сондай-ақ «Еңбек озаты», «Кәсіподақтың құрметті қайраткері», «Eńbek Tabysy», «Даңқты жастар» сынды марапаттар өз иелерін тапты.

«0928 5ші звуктан: / Мен осы мыс зауытында 22 жыл жұмыс істеп келе жатырмын. Жұмысымыз ұнайды өзімізге. Осы мыс қорыту зауытының арқасында бала-шаға асырап, еңбегімізді тауып жүрміз. Рахмет! Мерекелеріңмен құттықтаймыз»

— Бауыржан Әбділдин, «Кәсіподақтың құрметті қайраткері» төсбелгісінің иегері

. Өндірістің қуаты - заманауи технологияда ғана емес, оны алға сүйреп, маңдай термен маржан терген білікті мамандарда. Сондықтан еңбек адамының мерейін үстем етіп, кәсіби еңбегін бағалау - «Kazakhmys Smelting» компаниясының берік дәстүрі әрі тұрақты дамуының басты құндылығы болып қала бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты