Жаңалық

Мәслихат сайлауы: сайлауалды үгіт материалдарын «Ulytau» телеарнасында орналастыру шарттары

2026 жылғы 29 қарашадағы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысушыларға эфир уақытын ұсынудың жалпы шарттары, талаптары мен бағасы. Өтініштер 27–30 қазан аралығында қабылданады.

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар мен өзін-өзі ұсынған азаматтардың сайлауалды үгіт материалдарын «Ulytau» телеарнасының эфирінде орналастыру үшін «Ulytau» облыстық телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің эфир уақытын ұсынуының жалпы шарттары

«Ulytau» облыстық телерадиокомпаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Ulytau» телеарнасының меншік иесі (бұдан әрі – Телеарна) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар мен өзін-өзі ұсынған азаматтарға сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) Телеарна эфирінде және Телеарнаның әлеуметтік желілерінде орналастыру үшін эфир уақытын ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды. Сайлауалды үгіт 2026 жылғы 1 қараша күні сағат 18:00-ден кейін басталып, 2026 жылғы 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады.

Телеарна Үгіт материалдарын Телеарна мен төменде көрсетілген тұлғалар арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде орналастырады:

  1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеткен саяси партиямен немесе саяси партияның уәкілетті өкілімен (бұдан әрі – Саяси партия);
  2. партиялық тізімдер бойынша және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидатпен (бұдан әрі – Кандидат) немесе Кандидаттың уәкілетті өкілімен.

Үгіт материалдарын Телеарнада орналастыру Телеарна бекіткен монтаж парақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Монтаж парақтары Үгіт материалдарының эфирге шығуы жоспарланған күнге дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын, жазбаша өтініш берілген күндегі Телеарнаның техникалық мүмкіндіктері, оның ішінде жоспарланған эфир уақытында жарнаманың болуы және/немесе болмауы ескеріле отырып әзірленеді.

Телеарна эфирінде Үгіт материалдарының мынадай түрлері орналастырылады:

  1. ұзақтығы кемінде 10 (он) секунд болатын қазақ немесе орыс тіліндегі дайын бейнероликтер;
  2. бейнероликтерді дайындау және орналастыру.

Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасасуға Саяси партияның/Кандидаттың немесе олардың уәкілетті өкілінің Телеарна директорының атына жазған өтініші негіз болады.

Үгіт материалдарының саны, ұзақтығы, орналастырудың болжамды күні мен уақыты Саяси партияның/Кандидаттың немесе олардың уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі және кейін шарт талаптарында бекітіледі.

Өтініштер Саяси партиялардың/Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беріліп, оның келіп түскен күні көрсетіледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

  1. Саяси партияның партиялық тізімдерінің/Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партия/Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. шарт жасасатын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Саяси партиялардың/Кандидаттардың Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен, ал өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе тарту арқылы айқындалады. Жеребе тартудың тәртібі мен шарттарын Филиал белгілейді.

Жазбаша өтініш келіп түскен кезде сұралған эфир уақыты бұрын өтініш берген басқа Саяси партияға/Кандидатқа берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұсынылмаса, Телеарна өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға/Кандидатқа Үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақытты ұсынады.

Үгіт материалдары Телеарнаға эфирге шығуы жоспарланған күнге дейін кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ұсынылуға тиіс.

Үгіт сипатындағы аудиовизуалды материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматында, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, interlaced жаймалау түрімен, өрістердің орналасу реті – алдымен жоғарғы өріс (topfieldfirst), кадр арақатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және белгіленген тайм-кодпен ұсынылады. Бейне мен дыбыс MOV немесе MXF контейнерлеріне жинақталуға тиіс. Дыбыстық сүйемелдеу мынадай объективті техникалық және субъективті талаптарға сәйкес болуы қажет: динамикалық диапазон – кемінде 40 дБ; жиілік диапазоны – кемінде 20 Гц–20 000 Гц; сызықтық емес бұрмалану коэффициенті – 1 %-дан аспауға тиіс; студиялық жазбада акустикалық реверберация («жаңғырық») болмауға тиіс; сөйлеу тілі 100 % анық естілуге тиіс; жазбада бөгде дыбыстар, шу және кедергілер естілмеуге тиіс; 1–2 дыбыс жолы үшін біріктірілген дыбыс (сол және оң дыбыс жолдары қайталануы керек), 3–4 дыбыс жолы үшін бөлек дыбыс қажет.

Үгіт материалдары сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда (қатты диск, флеш-карта) ұсынылады.

Электрондық тасымалдағышпен бірге Үгіт материалының мазмұнын құрайтын мәтіннің жазбаша нұсқасы ұсынылады, оған Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды. Сондай-ақ Үгіт материалдарында бейнесі пайдаланылған адамдардың жазбаша рұқсаттары, олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, ал жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың бейнесі пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша рұқсаттары ұсынылады.

Үгіт материалдарында олардың төленгені және қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат болуға тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар/Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда, бұзушылықтар жойылғанға дейін Үгіт материалдары эфирге шығарылмайды немесе оларды тарату тоқтатыла тұрады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылыстың негіздерін күшпен өзгерту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғыс пен қарулы қақтығыстарды насихаттау, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық немесе діни үстемдік пен алауыздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну идеялары, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақырулар қамтылса, Телеарна оларды орналастырудан бас тартады.

Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, Телеарна оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын орналастыру құны:

  • Дайын бейнероликтер – ҚҚС-ты қоса алғанда, минутына 40 000 (қырық мың) теңге;
  • Бейнероликтерді дайындау және орналастыру – ҚҚС-ты қоса алғанда, минутына 70 000 (жетпіс мың) теңге.

Жасалған шарт бойынша Үгіт материалдарын Телеарнада орналастыру ақысы Телеарна меншік иесі ұсынған төлем шоты негізінде шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленеді.

Жазбаша өтініштер 2026 жылғы 27 қазаннан бастап 30 қазанды қоса алғандағы кезеңде жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) мына мекенжайда қабылданады: Жезқазған қаласы, Тимирязев көшесі, 15.

Телефон: +7 777 107 75 27.

Факсимильдік және интернет байланысы арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Директор Жусупханова М.Б.

Тақырыпқа қатысты