Ұлытау ауданы

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛЫТАУДЫҢ ТӨРІНДЕ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛЫТАУДЫҢ ТӨРІНДЕ

«Елім менің – Қазақстан!». Ұлттық мерекеге арналған – Ұлытау ауданындағы салтанатты жиын осылай аталды. Аудандағы ауқымды шараға арнайы қатысқан тілшіміз толығырақ тарқатады...

Егемендік туралы Декларация қабылданған дата – еліміз үшін тарихи күн. Бұл – Қазақстанның еркіндік жолында жасаған маңызды қадамы. Сол себепті, осы күнді мейрам ретінде қайта қалпына келтіріп, оған ұлттық мәртебе беру - әділеттіліктің жарқын көрінісі. Ұлытаулықтарды – ұлық мерекемен аудан басшысы Аманжол Мырзабеков құттықтады.

«Кадрда тыс: Мерекелік шарада «Ұлытау ауданының қоғамдық-рухани өміріне қосқан еңбегі үшін» төсбелгісі өз иелерін тапты. Марапатталушылар қатарында қарапайым еңбек адамдары, білім мен денсаулық саласының үздіктері, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері және аға буын өкілдері бар»

— Аманжол Мырзабеков, Ұлытау ауданының әкімі

Жуырда ғана аудан ретінде құрылғандығының 87 жылдығын атап өткен Ұлытау – 2026 жылды барлық салада оң жетістіктермен қорытындыламақ. Салтанатты жиын әрі қарай жергілікі өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты