Ұлытау ауданы

ЖЕЗДІНІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

ЖЕЗДІНІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

Ұлытау ауданына қарасты, Жезді кентінде - Республика күніне орай бірқатар нысанның ашылу салтанаты өтті. Кенттегі ілкімді іс шараларға арнайы барған тілшіміз толығырақ тарқатады...

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Жезді кентінде бір күнде - үш игілікті шара орын алды. Оның алғашқысы - кент кіреберісіндегі «Жезді» жазуымен орнатылған айрықша Арканың ашылу салтанаты...

Аталған арка - жәй ғана сәулеттік нысан емес. Бұл – бірлік пен туған жерге деген құрметтің көрінісі, кент келбетіне көрік қосатын ерекше нысан. Кенттің байырғы тұрғындары – Жездіде кейінгі жылдары қолға алынған жемісті жобалар жалғаса берсін деген тілектерін жеткізді.

Кент кіреберісіндегі Арка – аудандық бюджет есебінен орнатылған.

Биыл Жезді кентінің инфрақұрылымын дамытуға жіті көңіл бөлінуде. Кент орталығындағы жаңа балалар алаңы – әлеуметтің әлеуметтік әлеуетіне серпін беретін жоба. Айта кетейік, Ұлытау ауданына қарасты елді-мекендер балалар ойын алаңы және шағын футбол алаңдарымен толықтай қамтылуда.

Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлаған алаң – заманауи үлгіде бой көтерген. Құрылыс барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталған. Бұл күні - кент тұрғындарының қуанышы айрықша.

Сонымен қатар, Жездіде - «Asiya dessert» тәттілер әлемі дүкені де ашылды. Облыс және аудан әкімдіктерінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған грантының иегері Айдана Оқапова ашқан нысан – шағын және орта бизнесті өркендету аясында тұрғындарға жаңа қызмет түрлерін ұсынбақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты