Ұлытау ауданы

ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 87 ЖЫЛ!

ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА   87 ЖЫЛ!

Ұлытау ауданының құрылғанына – 87 жыл! Осыған орай аудан орталығында: «Ұлытау – Ұлы Даланың Ұлы мекені!» атты тарихи-тағылымды кездесу өтті...

1939 жылы, 16 қазанда құрылған Ұлытау ауданы бүгінде - құрамына 12 ауылдық және 3 кенттік округ пен 29 елді мекен кіретін жер көлемі бойынша – республикадағы ең үлкен аудан. Ал, тарих тұрғысындағы тұғыры өз алдына бөлек әңгіме.

Аудан жылнамасынан сыр шертетін көрмені тамашалаудан басталған тағылымды шара аудан әкімі Аманжол Мырзабековтің – Ұлытауда атқарылып жатқан ауқымда жұмыстар жөніндегі алғысөзімен басталды.

Еркін форматтағы емен-жарқын жүздесуге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында тер төккен ардагерлер мен әр салада жемісті еңбек етіп жүрген жандар арнайы шақырылған. Іс шара барысында оларға: «Ұлытау ауданының қоғамдық-рухани өміріне қосқан еңбегі үшін» төсбелгісі мен Алғыс хаттары табысталды.

Дөңгелек үстел – ашық аспан астында, орталық алаңдағы мерекелік концертпен жалғасын тапты. Жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен кеш отшашумен қорытындыланды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты