ҰЛЫТАУЛЫҚ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік!» Ұлағатты ұстаздар күнінде – Ұлытау ауданының орталығында осындай атаумен салтанатты жиын өтті.
Ғалым да, кенші де бас иетін мәртебелі мамандық иелерін алғашқы болып аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек құттықтап, салада сан жылдар бойы жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздарға Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыстады.
Ауданда өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытына деген қамқорлық ерекше. Өткен жылдың өзінде бірқатар оқу ордасының инфрақұрылымы жаңғыртылды. Сондай-ақ, Ұлытаулық ұстаздардың еңбегі де лайықты бағаланып – мемлекеттік деңгейдегі марапаттарға ие болған. Білім бөлімінің басшысы – жаңа оқу жылында аталған жетістіктердің еселене түсу керектігін айтты.
Құшақтары гүлге, жанарлары нұрға толы педагогтер – көрсетілген құрметке алғыстарын айтып, әріптестерін төл мерекемен құттықтады.
Мерекелік кеште – оқылған өлең де, шырқалған ән де – мұғалімдер қауымына арналды. Иә, ұстаздың адамзат баласынының санасында қалдырған ізі мәңгілік!..
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «ҰЛЫТАУ» Опер: НҰРЛАН
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


