Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Өңір спортындағы оң жетістіктер мен өзекті мәселелер. Сондай-ақ, осы салада бой көтерген жаңа инфрақұрылымдар... Аймаққа сапарлап келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерболат Сатыбалды мен Аманжол Әлтайдың кезекті жұмыс кестесі - аталған бағыттағы жүздесулермен жалғасын тапты.

«Жігер» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде мәжілісмендермен кездесуге - спорт мамандары, бапкерлік құрам мен жас чемпиондар жиналды. Мұнда өңір спортының бүгінгі тынысы мен ондағы түйткілді сауалдар кеңінен тарқатылды...

Жүздесудің форматы еркін болды. Сала мамандары спорттың дамуына беріліп жатқан қолдауға алғыстарын айтып, жаттықтырушылардың жалақысы көтерілсе деген ұсыныстарын жеткізді.

Әрі қарай халық қалаулылары «Жігер» кешінінің жұмысымен танысты. Облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы меморандум аясында пайдалануға берілген нысанда: үстел теннисі, бокс, суда жүзу, көркем гимнастика, волейбол, баскетбол сынды бірнеше үйірмеде – 900 ға жуық бала жаттығуда.

Мәжіліс депутаттары - облыс орталығында салынып жатқан Ескек есу спортына арналған орталыққа да арнайы барды. Әлемдік стандарттарға сай бой көтерген нысан биылғы жылдың бірінші тоқсанында толықтай аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Қазір ішкі әрлеу мен инжинерлік желілерді орнату кезеңінде.

Ескек есу мектебінде бүгінде 200 ден аса ескекші тұрақты дайындық жұмыстарын жүргізуде. Кеңгір су қоймасында жаттығатын жерлестеріміз бұл спорт бойынша 2028 жылғы олимпиада ойындары жолдамасынан үміткерлер қатарында...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты