Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары басталды. Аталған сапар аясында бүгін аймаққа – ұлытаулық қос мәжілісмен Аманжол Әлтай мен Ерболат Сатыбалдин келді.

Мәжіліс депутаттарынның жұмыс сапары – облыс орталығында белсенді жастармен жүздесуден басталды. Жалпы, Ұлытау облысында 60 мыңнан аса жас тұрады. Бұл өңір халқының 27 пайызын құрайды. Аймақта жастарды қолдауға арналған жобалар жүйелі жолға қойылған. Мәселен, «ULYTAU ZHASTARY» бағдарламасы арқылы 108 жас отбасы жеңілдетілген несиемен баспаналы болса, «Жасыл ел» еңбек жасақтарында маусымдық жұмысқа 700 ге жуық жас қабылданған Ұлытаулық жастар көтерген мәселелерге тоқталсақ. Қоғамның қозғаушы күштері: Жезқазғанда зәулім Жастар сарайы бой көтерсе; облыстық Жастар басқармасы құрылса; бос уақыттарын тиімді өткізге арналған заманауи орталықтар ашылса деген сынды бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттарының жұмыс сапары Жезқазғандағы «Жігер» спорт кешенінде жалғасын тапты. Ол жайында жаңалықтарымыздың ертеңгі шығарылымында тарқататын боламыз...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты