МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫ 2

ҚР Парламенті Мәжілісісінің депутаты Азат Перуашевтың Жезқазғанға жасаған жұмыс сапары - «Казтехфильтр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Кеңгір ауылындағы Құс фабрикасында жалғасын тапты.
Азат Перуашев облыс орталығындағы үлкен техникаларға қажетті фильтр өндіретін «Казтехфильтр» ЖШС арнайы барды. Кәсіпорында бүгінде 50 ден аса қызметкер еңбек етеді. Олар жүк көліктерінен бастап, өзге де техникаларға қажетті ауа өткізгіштің 300 ге жуық түрін өндіреді. Мекеме жоспарында өнім көлемін ұлғайтып, нарықтағы ауқымын кеңейту көзделген. Бұл ретте мәселе бар... Кәсіпорын басшылығы: Ұлытау облысына жол құрылысына келіп жатқан шет елдік мердігер компаниялар – жергілікті кәсіпорындармен жұмыс істеуге құлықсыз дейді. Көкейде көптен жүрген сауалдар мен ұсыныстар халық қалаулысымен кеңінен талқыланды.
Кәсіпорын өкілдерінің мәселесін Мәжілісмен жан-жақты саралайтындығын жеткізді.
Азат Перуашев – қала іргесіндегі Кеңгір ауылындағы құс фабрикасының бүгінгі тынысымен де танысты. Аталған фабриканың өндірістік қуаты жыл сайын артып келеді. Инвестициялық жоба негізінде өңір нарығынын 35 пайызын тауық жұмыртқасымен қамтып отырған кәсіпорын - шаруашылық кеңейтілгенде тәулігіне 150 мың дана жұмыртқа шығаратын болады. Ол үшін фабрика жанынан жаңа цехтың құрылысы жүргізілуде... Кәсіпкерлік саласының дамуы – Мәжілісмендердің басты назарында.
Өңірдегі Құс фабрикасының жұмысы Жаңғыртудан кейін бірнеше пайызға арта түспек. Сол кезде шаруашылық өңірді тауық жұмыртқасымен 100 пайыз қамтитын болады. Азат Перуашев - Ұлытау өңіріне жасаған сапар бойынша бірқатар ұсыныстарды зерделейтіндігін айтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


