Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ 2

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ 2

Парламент өкілдерінің өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда. Бүгін аймаққа Мәжіліс депутаты Азат Перуашев арнайы келді. Халық қалаулысы - облыс орталығындағы бірқатар өндіріс орындарында болып, кәсіпкерлік саладағы жүзеге асып жатқан жобалармен танысты...

Азат Перуашев – Мәжілістегі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. Сол себепті Мәжілісмен сапарының негізгі бағыты: өңірлік дамуға өз үлестерін қосып отырған өндіріс ошақтарынан басталды. Жезқазған мыс балқыту зауытының бүгінгі тыныс тіршілігінен ақпарат алып, ондағы цехтардың жұмыс барысын көзбен көрді.

Мәжіліс өткен жылы 100 Заң жобасын қабылдаған. Онда өңдеу өнеркәсібі саласы да қамтылған. Мыс өнеркәсібінің алып шаңырағы саналатын Жезқазғандағы зауыт заман талабына сай еңбек етіп, 99,99 пайыздық көрсеткішке ие катод мысын - халықаралық нарыққа шығара алуда.

Өндіріс ошағы - мыс балқыту процессіне қажетті автоматтандырылған технологиялармен жаңғыртылуда...

Халық қалаулысының аралауы - «Ютария LTD» компаниясында жалғасын тапты. Аталған кәсіпорын – тігін өндірісі бойынша елімізде көшбасшы компаниялар қатарында. Үлкен ұжым – аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Мұнда мәжіліс депутатына инвестициялық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылған жобалар таныстырылды...

«( Біздің кәсіпорында 2025 жылы - 250 млн теңгеден асатын көлемде жаңа инвестициялық жобаның тұсауы кесілген. Бұл шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өнім түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік беруде. Жуырда киім өндірісі нарығына компаниямыздың жаңа өнімдері шығады. Мәжіліс депутатымен аталған бағыттағы жұмыстар бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарымызды жеткіздік.)»

— Тұрсынай Ибадатова, «Ютария LTD» компаниясының директоры

Кәсіпорында бүгінде 300 ге жуық нәзік жанды еңбек етіп, нәпақасын табуда. Толық өндірістік қуаттылықпен жылына 1 миллионнан аса дана тігін өнімін шығарады. Аталған кәсіпорын басшылығы қазіргі таңда жұмыс бағытын: стратегиялық жаңғырту мен цифрлық даму шеңберінде ұйымдастырып жатқандықтарын айтты.

Азат Перушаев сапар аясында «Казтехфильр» ЖШС мен Кеңгір ауылындағы Құс фабрикасында да болды. Ол жайында жаңалықтарымыздың ертеңгі шығарылымында тарқатамыз...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты