МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

5 ші тамыз күні елімізде – «Медиация күні»! Атаулы күнде облыс орталығында «Бейбітшілік – келісімнің негізі» атты жиын өтті.
Биыл ҚР «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 15 жыл толды. Осы жылдар ішінде медиация институты - қоғамдық келісімді нығайтуға және сындарлы диалог мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Сала өкілдерін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев арнайы құттықтап, медиаторлар еңбегіне алғысын білдірді.
Бүгінгі қоғамда медиаторлардың санымен сәйкесінше беделі де артып келеді. Жасыратыны жоқ, тереңге кеткен дауда амалы қалмаған әр пенде бірден сотқа жүгіреді. Ал, бітімге келуге болатын жағдайда ашу үстінде жазған арызыңыздың арты үлкен іске айналады. Мұндайда – медиатор қызметіне жүгінген жөн дейді сала мамандары. Мәселен, кейінгі он жылдың өзінде Ұлытау облысында медиаторлардың көмегімен 14 мыңға жуық дау-жанжал шешімін тапқан.
Шара соңында медиаторларға және билер кеңесіне құрмет көрсетіліп, алғыс хаттары табыс етілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


