Жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПШАНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПШАНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жеке медициналық кітапшалар толықтай электрондық форматқа көшті.Енді құжат қағаз түрінде емес, ақпараттық жүйеде жүргізіледі. Бұл міндетті медициналық тексерулерді цифрлық форматта бақылауға және еңбекке жіберу рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Электрондық медициналық кітапшада міндетті медициналық тексерулердің нәтижесі мен жұмысқа жіберілгені туралы мәлімет сақталады. Құжат медициналық ұйымдарда рәсімделгеннен кейін автоматты түрде жүйеде қалыптасады. Ал медициналық тексеру мерзімі аяқталуға бес күн қалғанда жүйе пайдаланушыға ескерту жібереді.

Жаңа жүйе санитарлық дәрігерлердің міндетті медициналық тексеруден өтетін азаматтардың мәліметін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ақпараттық жүйелерді жетілдіру және медициналық деректердің қорғалуын күшейту жұмыстары жалғаспақ.

Мамандар медициналық кітапша талап етілетін жұмысқа орналасар алдында жұмыс берушіден қандай медициналық тексерулерден өту қажет екенін және құжатты қай медициналық ұйымда рәсімдеуге болатынын алдын ала нақтылап алуға кеңес береді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты